“Тәрбие тал бесіктен басталады” тақырыбында қалалық “Ана тілі және отбасы”байқауы

2016-2017  оқу  жылының сәуір айында мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту,жас  ұрпаққа  қазақстандық  патриотизм  ұғымын  терең  түсіндіру  және  озық  тәжірибелерді ұлттық салт дәстүрді үгіттеу, насихаттау  мақсатында “Тәрбие  тал бесіктен  басталады”  тақырыбында  қалалық “Ана тілі  және  отбасы”байқауы өткізілді. Бұл сайыста балабақшамыз  жүлделі II-орынға ие болды. Сайысқа ата-аналар, тәрбиешілер және бүлдіршіндер атсалысып қатысты.Бұл сайыстың арқасында ата-аналар балабақша өмірімен жақынырақ танысып, балабақша қызметкерлеріне ризашылығы мен алғыстарын білдірді.  «Ана тілі және отбасы» мерекесінің арқасында жетігенмен шыққан «Бүлдірген» әніміз танымал болып,  қалалық түрлі концерттерге  шақырулар алды. Республикалық «Бақытты балалық» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

Back to top button
Close