Тамақтану

Бөбекжай-бақша бойынша күн тәртібі бағдарлама талаптарына сәйкес орындалады. Күндегі ас мәзірі құрастырылады. Бөбекжай-бақшада тәрбиеленіп жатқан балаларға үш мезгіл ыстық тамақ әзірленеді. Тамақ құрамында жылдың кез-келген мезгілінде көкөніс өнімдері мен жеміс-жидектер, сүттен жасалған тағамның барлық түрлері үзілмейді. Балабақшаға әкелінген азық-түліктердің барлығы сертификатталынған немесе азық-түліктің қауіпсіздігін растайтын басқа да құжаттары бар. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы барлық талаптарға сәйкес келеді. Асханаға керекті барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Медицина қызметі жоғары деңгейде. Медициналық қызметті ұйымдастыру үшін жағдай жасалған. Білікті медициналық кадрмен қамтамасыз етілген. Балалар мен олардың ата-аналарына ақыл кеңестер берумен қатар іс жүзіндегі емдеу ісі де жүргізіледі. Балаларды шынықтыру шараларын бақылап, аурушаң балаларды «Д» есебіне алады. Ата-аналарға сәбилердің денсаулықтары жайлы мәлімет беріп отырады және оқу жұмыстарын уақтылы жүргізеді. Туберкулезға қарсы балаларды тексеріп отырады. Топтағы балалардың антрометриялық мәліметіне талдау жасалып отырады. Балалардың дене тәрбиесіне бақылау жасалады. Ас мәзірі уақытында құрылып, балалардың тамақтарына бақылау жасалады. Балалардың балабақшаға кіруіне байланысты ата-аналармен нұсқау жүргізіледі. Тәрбиешілермен, тәрбиешінің көмекшілерімен, асхана қызметкерлерімен санитарлық мөлшермен дезинфекциялық тәртіпті сақтау жайлы түрлі сабақтар өтіледі. Балалардың ауруларын төмендету бойынша түрлі іс-шаралар жүргізіледі, санбюллетендер шығарылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмысы жөнінде айлықтар мен онкүндіктер жоспары құрылған. Асхананың санитарлық жағдайына бақылау жасалып тұрады. Азық-түліктің сапасына және дайын азық-түліктің сапасы мен мөлшеріне бақылау жасалады.

Back to top button
Close