Бөбекжай-бақша туралы

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану – ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Енедикт Спиноза.

№59 «Айша» бөбекжай – бақшасы туралы жалпы мәлімет.

№59 «Айша» бөбекжай-бақшасы Шымкент қаласы, Қазығұрт мөлтек  ауданы,424  үй, типтік, жоба қуаты 330 орындық ғимаратта орналасқан.

Бөбекжай-бақшада 14 топқа арналған жатын, ойын бөлмелері қазіргі заман жиһаздарымен жабдықталған. Сонымен қатар әдістемелік, медициналық, аспаздық, музыкалық,спорттық  бөлмелер және далада бассейн бар.

Бөбекжай-бақшаның ғимараты санитарлық және гигиеналық талаптарға толығымен сәйкестендірілген. Ересек топтарында проекторлар, магнитный тақталар, әуенді кесте технологиясы, заман талабына сай жабдықталған. Аулада балаларға арналған саяжайлар көгалдандырылып, таза ауада ойнауға жағдайлар жасалған. Бөбекжай-бақша  балаларға  үш  тілде  білім  береді.

Бөбекжай-бақша  Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы № 1080 қаулысына (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 13.05.2016 жылы, №292) сәйкес стандарт негізінде жұмыс  жасайды.

Бөбекжай-бақша  Қазақтан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2017 жылғы №615 бұйрығы «Балалар мен жаспөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық  қағидаларын  негізге  ала  отырып  жұмыс  жасайды.

Бөбекжай-бақша  Қазақстан Республикасы Білім  және  Ғылым  министрлігі  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ» Республикалық  орталығының  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасына   басшылыққа  алып  жұмыс  жүргізеді.

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ КОНВЕНЦИЯСЫ 20.11.1989 жылы, Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2014.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді)

Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Бөбекжай-бақша  осы  заң  аясында  жұмыс  жасайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі»   12.04.2018 жылы  №152 бұйрығы Аттестаттау  педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында,сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу,жеке-кәсіби дайындығын арттыру, үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету  үнемі сапалы  жүргізіледі.

№59 «Айша» бөбекжай-бақшасында 14 топ жұмыс  жасайды..Барлық  топ  мемлекеттік тілде оқу – тәрбие жұмыстарын жүргізеді.2018-2019 оқу жылында бөбекжай-бақшада  тізім бойынша 326 бала тәрбие алуда. Жалпы 76 қызметкер, педагогтар саны – 38, тех  персоналдар саны -38.

Оның ішінде: меңгеруші-1, әдіскер-1, психолог-1, музыка жетекшісі-3, орыс тілі пәні мұғалімі-3, ағылшын тілі пәні мұғалімі-1, дене шынықтыру пән мұғалімі-3, тәрбиешілер саны-28. Топ саны -14, барлық  топ қазақ тілінде  жұмыс  жасайды. Кадрларды орналастырғанда білімі, педагогикалық жұмыс тәжірибесі, психологиялық сәйкестік есепке алынады.

Біздің  бөбекжай –бақшамыздың  тәрбиешілерінің бойынан табылатын   жан-жақты қасиеттер.

Т – төзімді, талантты, турашыл

Ә – әдемі, әдепті әрі әділетті

Р – риясыз сүйіспеншілік иесі, рахымды

Б – білімді, білікті, білгір, белсенді

И – инабатты, иманжүзді, ибалы

Е – еңбекқор, еңбексүйгіш, елжанды

Ш – шебер, шыдамды, шыншыл

І – ізетті, ілтипатты, ізгілікті

 

Бөбекжай-бақша  балаларды  2 жастан  қабылдайды.

2-3 жас  І  кіші  «Балапан» тобы

2-3 жас  І  кіші  «Қошақан» тобы

3-4 жас  ІІ  кіші  «Көгершін» тобы

3-4 жас  ІІ  кіші  «Құлыншақ» тобы

3-4 жас  ІІ  кіші  «Ақкөжек» тобы

4-5 жас  ортаңғы  «Ақсұңқар» тобы

4-5 жас  ортаңғы  «Балдаурен» тобы

4-5 жас  ортаңғы  «Балбөбек» тобы

4-5 жас  ортаңғы  «Қыран» тобы

4-5 жас  ортаңғы  «Толағай» тобы

5-6 жас  ересек  «Байтерек» тобы

5-6 жас  ересек  «Самұрық» тобы

5-6 жас  ересек  «Күнекей» тобы

5-6 жас  ересек  «Ертөстік» тобы.

Back to top button
Close