Балабақша ережелері

МКҚК №59 «Айша» бөбекжай-бақша  қызметкерлерінің

ішкі еңбек тәртібінің ережесі

 Балабақша қызметкерлерінің жалпы міндеттері:

1.Балабақшаның жұмыс уақыты 1030 . Сағат 800 – 1830 .

2.Өз лауазымдық міндеттерін орындау.

3.Балабақшаның  еңбек тәртібін сақтау, жұмысқа 15 минут алдын келу.

  1. Балабақша қызметкерлері баланың балабақшада болған уақытында балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салынады.
  2. Тәрбиешілердің түскі тамақ уақыты 1300 – 1400 аралығында (10-15минут)

6.Арнайы бекітілген киімде болу.

7.Тамақтандыру уақытында сан. эпид.талаптарына сәйкес (ақ халат, немесе алжапқыш, орамал), жұмыс орнының таза және ұқыпты ұстауы. Тәрбиеші көмекшілері топты және ойын алаңдарын жинаған кезде арнайы киімдер киюі қажет.

8.Төтенше жағдайларда  техника қауіпсіздігінің талаптарын сақтау,  балаларды қауіпсіз жерге алып шығуда эвакуациялық жолдарды білу, алғашқы медициналық көмек көрсету.Жыл сайын ТҚ бойынша емтихан тапсыру.

9.Жазатайым оқиғалар болған жағдайда балабақша әкімшілігі мен ата-аналарға хабарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету.

10.Әр бес жылда педагог қызметкерлер біліктіліктерін арттыруға міндетті.

 

 

МКҚК №59 «Айша» бөбекжай-бақшасының

ата-аналарының  тәртіп ережесі

1.Балаңызды балалар бақшасына ұқыпты етіп киіндіріп, өз қолыңызбен тәрбиешіге тапсыруыңыз сұралады.  Сіздің балаңызды тәрбиеші бейтаныс кісіге, кәмілеттік жасқа толмаған  балаға, ішімдік ішкен кісіге  беруге мүлдем болмайтынын ескертеміз.

2.Балаңызды балабақша жарғысына сәйкес сағат 8.00-8.30 тамақтануға  дейін қалдырмай әкелгеніңіз жөн, себебі басқа балалармен бірге ертеңгілік жаттығуды жасауға, ойын ойнауға,  ертеңгілік асқа дейін достарымен еркін жүздесуіне қолайлы.

3.Егер Сіз, балаңызды ертеңгілік жаттығу жасалып жатқан мезгілде әкелсеңіз, онда жаттығу біткенше тәрбиеші мен балаларды алаңдатпай баланы шешіндіріп, шешіну бөлмесінде күте тұрғаныңыз абзал.

4.Сізден  балалардың қалтасында өткір, ұсақ т.с.с заттар, ойыншықтардың  болмауын және тамақ (алма,кирешки,құрт,сағыз,конфет т.б) акелмеуін қадағалауыңызды сұранамыз.

6.Балаңыз ауырған кезде балабақшаға баламен бірге дәрі – дәрмек бермеулеріңіз сұралады.Баланың ауырған, санаторлық-курорттық емделу кезінде, карантин болған жағдайда ата-анасы демалыста болғанда және дәлелді себептермен уақытша болмаған жағдайда (ауруы, іс-сапарда болуы т.б.)   сондай-ақ жазғы маусымда 2 ай мерзімге дейін, «Ата-анасының» демалыс ұзақтығына қарамастан ата-ананың себебі көрсетілген  өтініші бойынша балаға демалыс беріледі

7.Егер де ата-ана қандайда бір себептермен баланы балабақшадан шығарып алатын болса, балабақша әкімшілігіне 30 күн бұрын хабарлауға тиіс.Балабақша әкімшілігі де ата-аналармен түзген шартқа байланысты келісімді бұзатын болса ата-аналарға 30 күн бұрын ескертеді.

8.Тәрбиеші баланың көңіл-күйін анықтау мақсатында таң ертең балаларды таңғы  сүзгіден өткізіп қабылдайды.

9.Сізден сұранатынымыз, ауырған баланы балабақшаға әкелмеңіз, үйде емдеңіз! Ауырғандығы жөнінде тәрбиешілеріңізге  хабарлаңыз. Баланың бақшаға себепсіз келмеген күндері 1 күннен асқан жағдайда анықтама болуы керек. Ал бала ауырып калған жағдайда міндетті түрде балабақшаға қатысуға болады деген  анықтамамен әкелуіңіз сұралады.

  1. Балаларыңызға уақытылы егу салдыруды ұмытпауларыңызды сұранамыз.

11.Әр айдың 10-на дейін  жас ерекшелігіне қарай уақытылы  ата – аналар жарнасын төлеуіңіз сұралады.

  1. Балаларыңызға алтын-күміс әшекейлер мен ұялы телефондар бермеулеріңізді сұранамыз. Жоғалған жағдайда балабақша жауапкершілік алмайды.

13.Балабақшадан балаларыңызды 18-30-дан қалдырмай алып қайтуларыңызды сұрайды.  Балабақшаның жұмыс уақыты 1030 . Сағат 800 – 1830 .

14.Балаңыздың  білім  деңгейін  білгіңіз  келсе жылына екі рет ашық  ұйымдастырылған оқу қызметіне, таңертеңгілікке, және ата-аналармен  ұйымдастырылған  іс-шараларға ата-аналардың  қатысуына толық  жағдай  жасалған.

Back to top button
Close